ЗИЯНДЫ ИНГАЛЯТОР ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕМЕКІНІҢ ДЕНСАУЛЫҚҚА ӘСЕРІ

Main Article Content

Authors

И.Т. Ильясова

Астана медицина университеті, Республика Казахстан, 000010, г. Астана, Кургальжинское шоссе 13/5

С.А. Тулепбергенова

Астана медицина университеті, Республика Казахстан, 000010, г. Астана, Кургальжинское шоссе 13/5

Abstract

Электронды темекі шегу жыл сайын 5 миллион адамды өлтіреді, бұл өлімге алып келетін қазіргі уақыттағы басты себептердің бірі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, 2022 жылға қарай дамушы елдерде жыл сайын 7 миллионнан астам адам электронды темекі шегу факторына байланысты аурулардан қайтыс болады. Электрондық темекі қазір жастар арасында өте танымал регресс құралы болып табылады.

Жұмыстың мақсаты: Электронды темекі құрамының тірі организмнің биологиялық белсенділігін төмендетуші қауіптілігін анықтау.

Жұмыстың зерттеу нысаны, Астана қалалық №6 емхананың пациенттері және электронды темекі.

Теориялық: таңдалған тақырып бойынша шетелдік дереккөздерді оқу; алынған мәліметтерді талдау; жалпылау.

Практикалық: Сауалнама, сұхбат, эксперимент; адамның өмірлік көрсеткіштерін анықтау (қысым, импульс).

№6 қалалық емхананың кардиологиялық пациенттерімен 1 апта жұмыс жүргізілді. Күніне орта есеппен 30 пациентпен қабылдау жүргізіледі. 1 апта көлемінде 150 пациенттен сауалнама алу көзделді. Барлығы 150 адам сұралды, оның ішінде: 69 адам электронды темекі шегеді (46%), 38 адам электронды темекі шегуге тырысты (25%), 21 адам электронды темекіні адам ағзасына зиянды деп санайды (14%), 4 адам электронды темекіні зиянсыз деп санайды (3%), 18 адам жауап беруге қиналады (12%);

Емхананың кардиолог дәрігерімен бірлесіп, пациенттердің ауру тарихын зерттедік. Электронды темекіні жүйелі пайдаланатын 69 адамның физиологиялық өзгерістеріне жеке тоқталдық. Барлығы 75 адам сұралды, оның ішінде:69 жүрек-тамыр жүйелері аурулары (100%),57 жүйке жүйесі аурулары (83%),51 ас қорыту жүйелері аурулары (74%),43 жыныстық аурулары (62%),31 несеп шығару жүйесі аурулары (45%);Электрондық темекіден улану жағдайлары 7.

Негізгі эксперимент үшін электронды темекіні пайдаланын пациенттің электронды темекі шеккенге дейін және шеккеннен кейінгі динамикасын бақыладық. Зерттеуге қатысқан пациент: ер адам, жасы 48-де, жеңіл дәрежедегі артериалды қан қысымының жоғарылауы мазалайды. Электронды темекіні тұрақты пайдаланады. Қалыпты жағдайдағы пациенттің динамикалық көрсеткіштері: пульс 75, қысым 128/70 мм.сын.бағ. Тыныс алу жиілігі 16; Бір рет электронды темекі шегуден кейін өмірлік белгілері өзгерді: пульс минутына 91 рет, қысым 146/90 мм.сын.бағ дейін көтерілді. Тыныс алу  жылдамдығы 22 дейін өсті;

Тәжірибе нәтижелеріне сүйене отырып, электронды темекі құрамындағы улы заттардың жиынтығы адам организміндегі негізгі құрылымдық функцияларды бәсеңдетеді және өмірлік маңызды ағзалардың жұмыс жасауына кедергі келтіреді. Зерттеу нәтижесі анықталды және мақсат орындалды.

Article Details