ПРОБИОТИКАЛЫҚ МИКРООРГАНИЗМДЕРДІҢ ЛИОФИЛЬДІК КЕПТІРУ ЖАҒДАЙЫН ОҢТАЙЛАНДЫРУ
Main Article Content
Authors
Т.Б. Байқоныс
Микроорганизмдердің республикалық коллекциясы, Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Байқоңыр ауданы, Ш. Уалиханов көшесі 13/1
Д.Е. Құрманғали
Микроорганизмдердің республикалық коллекциясы, Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Байқоңыр ауданы, Ш. Уалиханов көшесі 13/1
А.С. Абилхадиров
Микроорганизмдердің республикалық коллекциясы, Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Байқоңыр ауданы, Ш. Уалиханов көшесі 13/1
Ж.М. Бекшин
Микроорганизмдердің республикалық коллекциясы, Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Байқоңыр ауданы, Ш. Уалиханов көшесі 13/1
Г. К. Абитаева
Микроорганизмдердің республикалық коллекциясы, Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Байқоңыр ауданы, Ш. Уалиханов көшесі 13/1
Abstract
Микроорганизмдер коллекциясын құру және қалпында сақтау биоалуантүрлілікті сақтау тәсілдері ретінде өзекті проблема болып табылады. Лиофильдік кептіру – культуралар коллекцияларындағы бактерияларды сақтаудың негізгі әдісі. Лиофилизация процесінде жасушалар зақымдайтын стресс факторларға ұшырайды. Төмен температура, судың кристалдануы, осмостық стресс, ерітінділердің pH өзгеруі, дегидратация жасуша құрылымдары мен молекулаларына зақым келтіреді. Аталып өтілген факторлардан қорғау үшін лиофильдік кептіру алдында микробтық массаға қосылатын қорғаныс ортасының құрамын дұрыс тандау болып табылады. Құрамында көмірсулар, аминқышқылдары, қалпына келтірілген сүт, желатин және басқа компоненттер бар қорғаныс орталарын қолдану жасуша компоненттерінің зақымдану мүмкіндігін азайтады, бактериялардың сақтау мерзімін ұзартады.
Бұл зерттеуде әртүрлі криопротекторлардың Lactobacillus plantarum 5 LB, Lactobacillus casei 13n-1, Lactobacillus brevis 13b және Lactobacillus fermentum BV-4 сүтқышқылды бактерияларынан тұратын пробиотикалық консорциумның лиофильді кептіруден кейінгі өміршеңдігіне әсері анықталды. Біздің жұмысымыздың мақсаты лиофильді кептіру процесінде сүт қышқылы бактерияларын мүмкіндігінше сақтауға мүмкіндік беретін қорғаныс ортасын таңдау болды.
Барлығы 3 түрлі қорғаныс ортасының нұсқалары сыналды. Криопротекторлар ретінде 10% майсыздандырылған сүт, 1,5% майсыздандырылған сүт, желатин-сахароза криопротекторы және PBS бар масса бақылау ретінде пайдаланылды. Лиофильді кептіру стандартты әдіс бойынша жүргізілді. Мұздатқышта үлгілер -40 °C дейін 12 сағат ішінде алдын ала мұздатылып, артынан -80 °C 15 сағатқа лиофильді кептіруге қойылды.
Жасушалардың өміршеңдігін анықтау үшін Мiles & Misra әдісі қолданылып, колония құраушы бірлік (КҚБ) арқылы өлшенілді.
Зерттеу нәтижесінде, лиофильді кептіру алдында суспензиядағы тірі микроорганизмдердің өміршеңдігінің орташа мөлшері 2,25х108 КҚБ болды. Ал лиофилизация процесінен кейін өміршеңдіктін деңгейі артты, жоғарғы көрсеткішті 4х1010 КҚБ мөлшерінде 10% майсыздандырылған сүт негізіндегі қорғаныс ортасы көрсетті. PBS қолданылған бақылау тобында бактериялардың өміршеңдігі криопротекторлар қосылған үлгілермен салыстырғанда төмен болып, 2х107 КҚБ-ті көрсетті. Ал қалған екі үлгі 1,5% майсыздандырылған сүт және желатин-сахарозды криопротекторлар бірдей көрсеткіш көрсетіп, сәйкесінше өміршеңдігі 2х1010 КҚБ-ке тең болды.
4 ай 4°C температурда сакталғаннан кейін өміршеңдік көрсеткіштері келесідей болды 1,5% майсыздандырылған сүт 6х108 КҚБ, желатин-сахарозды криопротектор 2х109 КҚБ және ең жоғарғы көрсеткішті 1х1010 КҚБ-ті 10% майсыздандырылған сүт негізіндегі қорғаныс ортасы көрсетті. Ал PBS қосылған бақылау тобында бактериялардың өміршеңдігі 2х106 КҚБ-ке тең болды.
Осылайша, лиофильді кептіру кезінде 10% майсыздандырылған сүтті қолдану жоғары қорғаныс қасиеттерін қамтамасыз ететіні анықталды.